29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Номад» Астанада «Снежные Барсы» командасын жеңді

«Номад» Астанада «Снежные Барсы» командасын жеңді

Pro.ligasy.kz хабарлауынша, Астанада «Номад» және «Снежные Барсы» хоккей клубтары арасында маусым алдындағы алғашқы кездесу өтті.

Ойын отыз минуттық екі кезеңге бөлінді — бірінші блокта командалар голдармен алмасты. Дмитрий Макеев «Номад» үшін есеп ашса, Андрей Церюльников тепе-теңдікті қалпына келтірді.

Матчтың екінші бөлігінде Талғат Жайлауовтың командасы нәтижелі ойын көрсетті — Тимур Миндубаев дубль жасаса, Даниил Цыбин мен Али Касенов бір-бір шайбадан қосты. «Снежные Барсы» құрамында Артем Кошевник пен Артем Шарапов көзге түсті.