05.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Нокаутпен жеңетініме сенімдімін», – Балауса Мұздыман Лукасты жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық ару кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман (6-0-5 KO) Ангелина Лукасты (11-1-5 KO)  жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында былай деп видео үндеу жасады:

Баршаңыз күтіп жүрген жекпе-жектің жауабын берейін. Ангелинаның қандай себеппен жекпе-жектен қашқақтап жүргенін білмеймін. Бірақ, Ангелина мен сені нокаутпен жеңетініме сенімдімін. Егер сені нокаутпен жеңбеген жағдайда, өз гонорарымды беруге дайынмын. 100 мың долларды сен бұған дейін алып көрмегенсің және ала алмайсың да. Сол себепті осы жекпе-жекке келісім бер.

Айта кетейік, бұған дейін қос боксшы арасындағы жекпе-жекті FightNights ұйымының басшысы Камил Гаджиев ұйымдастырамын деп, ұсыныс жасаған болатын.

Ал қазақстандық ару боксшылар бұған дейін әуесқой бокста 2023 жылғы спартакиада кездескен. Бұл айқаста Балауса Мұздыман төрешілердің бірауыз шешімімен 3:0 есебімен қарсыласын тізе бүктірген болатын.