21.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нодира Ахмедова Германиядағы Универсиадада таэквондодан қола жүлде алды

Нодира Ахмедова Германиядағы Универсиадада таэквондодан қола жүлде алды

Таэквондошы Нодира Ахмедова Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстанның медаль қоржынын қола жүлдемен толықтырды.

49 килограмм салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда қазақстандық спортшы Қытай өкілі Ма Цзингемен кездесті — бәсеке Ахмедованың 0:2 есебімен жеңілуімен аяқталды (0:4, 6:7).

Бұл медаль ұлттық құраманың турнирдегі үшінші жүлдесі болды. Бұған дейін тұғырға көтерілгендер:

  • Дамир Шуленов — таэквондодан қола жүлде
  • Айбота Ертайқызы — көркем гимнастикадан қола жүлде