24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нико Уильямс Барселонаға ауысқысы келеді

Нико Уильямс Барселонаға ауысқысы келеді

Diario Sport мәліметінше, Нико Уильямс «Атлетик» басшылығына өз мансабын «Барселонада» жалғастырғысы келетінін хабарлады.

Бильбао клубы 22 жастағы шабуылшының ауысуына кедергі келтірмейді — алайда каталондықтар 62 миллион еуро көлеміндегі толық өтемақыны төлеуі тиіс.

Өткен Ла Лига маусымында испаниялық футболшы 29 ойын өткізіп, 5 гол соғып, 5 голдық пас берді.