09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нидерланды турнирі: Нұрлан Сапарбай финалға шықты

Нидерланды турнирі: Нұрлан Сапарбай финалға шықты

Нидерландыда Eindhoven Box Cup-2025 халықаралық турнирінің жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кешкі сессияның соңғы жекпе-жегінде қазақстандық Нұрлан Сапарбай мен Бельгия өкілі Идрис Шонуби кездесті.

Аса ауыр салмақтағы (90 келіден жоғары) жекпе-жек қазақ боксшысының пайдасына аяқталды. Төрешілер Нұрланды жеңімпаз деп таныды.

Финалда Қазақстанның қазіргі чемпионы Германия өкілі Деннис Огайомен кездеседі.