05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нидерландтағы халықаралық турнирге кімдер қатысады?

Нидерландтағы халықаралық турнирге кімдер қатысады?

Бокстан Нидерландтың Эйндховен қаласында өтетін Eindhoven Cup халықаралық турнирінде бақ сынайтын қазақстандық боксшылар анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Айтулы додада ел намысын 10 боксшы қорғайды.

  • 50 келі. Даниял Сәбит
  • 55 келі. Махмұд Сабырхан
  • 60 келі. Ерхан Тұрдан
  • 65 келі. Ертуған Зейнуллин
  • 70 келі. Абылайхан Жүсіпов
  • 75 келі. Сабыржан Аққалықов
  • 80 келі. Ерасыл Жақпеков
  • 85 келі. Дәулет Тілемісов
  • 90 келі. Сағындық Тоғамбай
  • +90 келі. Нұрлан Сапарбай

Айта кетейік, байрақты бәсеке 6-9 маусым аралығында өтеді.