14.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

НХЛ жүйесінің канадалық қақпашысы «Барысқа» ауысты

НХЛ жүйесінің канадалық қақпашысы «Барысқа» ауысты

«Спорт-Экспресс» журналисі Артур Хайруллиннің мәліметінше, «Барыс» хоккей клубы Оливье Родригпен бір жылдық келісімшартқа қол қойды.

25 жастағы канадалық қақпашы өткен маусымда «Эдмонтон Ойлерз» жүйесінің намысын қорғады — негізгі командада ол сенімділік коэффициенті 3,10 және қақпаға келген шайбаларды қайтару пайызы 86,2 көрсеткішімен екі ойын өткізді.

Родриг маусымның негізгі бөлігін АХЛ-да «Бейкерсфилд» сапында өткізді — 41 кездесуде ол сенімділік көрсеткіші 3,12 және сэйв пайызы 89,7 болған кезде 19 жеңіске жетті.

Маусым аяқталғаннан кейін «Эдмонтон» басшылығы қақпашымен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.