07.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

NHL.com: Сарапшылар 2026 жылғы Стэнли кубогының басты фаворитін атады

NHL.com: Сарапшылар 2026 жылғы Стэнли кубогының басты фаворитін атады

НХЛ-дің ресми сайтының мәліметінше, порталдың он бес жетекші журналисі мен сарапшысы 2025/26 маусымындағы Стэнли кубогының жеңімпазына болжам жасады.

Вегас Голден Найтс — алдағы маусымның басты фавориті, бес сарапшының қолдауына ие болды. Даллас Старз төрт дауыспен екінші орынға жайғасса, Колорадо Эвеланш үш дауыспен көшбасшылар үштігін түйіндеді.

  • Флорида Пантерз
  • Эдмонтон Ойлерз
  • Каролина Харрикейнз

Қалған үш команда — Флорида, Эдмонтон және Каролина — мамандардан бір-бір дауыстан алды.