13.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Нгамиссен Әлімханұлымен өтетін жекпе-жекке дайындықты бастады

Жеңілмеген француз боксшысы Анауэль Нгамиссен (14-0, 9 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) өтетін жекпе-жекке дайындық барысын бөлісті.

«Бесінші сәуір таяп қалды, сондықтан жекпе-жекке дайындықты бастаймын. Жақсы жаттығу үшін Испанияға аттанамын. Маған аға бауырдай болған Мишель Соро көмектеседі. Одан көп нәрсе үйреніп, көзқарасымның өзгергенін байқадым. Ол берген кеңестер маған қатты әсер етті. Өзіме: «Келесі жолы жұдырықтасқанда бәрін дәл солай жасаймын» дедім», — деді Нгамиссен.

Мишель Соро (36-4-2, 25 КО) — тәжірибелі боксшы, екі мәрте әлем чемпионы атағына таласқан. Сондай-ақ, ол Биг-Беар залында (Калифорния) Геннадий Головкинмен бірге Абель Санчестің жетекшілігімен жаттыққан.

Әлімханұлы мен Нгамиссен арасындағы жекпе-жек 2025 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан астанасында өтеді.