18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Неймар футбол мансабына қатысты ойымен бөлісті

Неймар футбол мансабына қатысты ойымен бөлісті

Танымал бразилиялық шабуылшы, қазіргі таңда «Сантос» клубының ойыншысы саналатын Неймар «Флуминенсе» клубына ауыспау туралы шешімін түсіндірді, деп хабарлайды Sport12.kz

«Мен «Флуминенсеге» ауысу бойынша шешім қабылдауға дайын болдым. Бұл расында да маңызды әрі шынайы нұсқа болды. Алайда мен толықтай қалпыма келмегендіктен, «Сантоста» қалуды таңдадым. Қазір басты мақсатым – 100% формама тезірек оралу», — деді Неймар.

Айта кетейік, бұған дейін «Флуминенсе» клубының президенті Марио Биттенкурт 33 жастағы Неймарға қысқа мерзімді жалға алу келісімін ұсынғанын мәлімдеген болатын. Бұл келісімге сәйкес, Неймар 2025 жылы өтетін Клубтық Әлем чемпионатында клуб сапында ойнап, кейіннен қайта «Сантосқа» оралуға тиіс еді.