13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Неймар «Фенербахче» ойыншысы атануы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Неймар «Фенербахче» ойыншысы атануы мүмкін

Танымал бразилиялық вингер Неймар мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін. Fanatik порталының мәліметінше, 33 жастағы футболшыға стамбұлдық «Фенербахче» қызығушылық танытып отыр.

Түркиялық клуб Неймарға бір жылдық келісімшарт ұсынған, әрі ол тағы бір маусымға ұзартылуы мүмкін. «Сантоспен» жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес, ойыншы Еуропаның кез келген клубына тегін ауысуға құқылы.

Ағымдағы маусымда Неймар барлық турнирлерде 14 матч өткізіп, 3 гол және 3 нәтижелі паспен көзге түсті. Бұған дейін БАҚ «Сантос» футболшымен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.