05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Неймар Бразилия құрамасына қайта оралуға дайын екенін айтты

Неймар Бразилия құрамасына қайта оралуға дайын екенін айтты

«Сантос» шабуылшысы Неймар Бразилия чемпионатының 18-турындағы ойында «Жувентуді» жеңгеннен кейін (3:1) Бразилия құрамасына қайта оралуға дайын екенін атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында ол дубль жасады.

«Менің ойынымды бәрі біледі! Мен өзімді жақсы сезінемін. Барлығы ұлттық құрама бапкерлер штабының шешіміне байланысты», — деді Неймар Sportv арнасында.

33 жастағы бразилиялық осы маусымда барлық турнирлерде 17 матчта 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.