04.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Неймар аяқасты миллиардер атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Неймар аяқасты миллиардер атанды

Бразилиялық жұлдыз Неймар күтпеген жерден миллиардтаған доллардың иесі болды. Испан басылымдарының хабарлауынша, 33 жастағы футболшыға бразилиялық кәсіпкер 1 млрд доллар көлеміндегі мұра қалдырған.

Айта кетерлігі, бизнесмен ешқашан үйленбеген және тікелей мұрагері болмаған. Сол себепті ол ауыр дертке шалдыққаннан кейін өз мүлкі мен қаржысын, соның ішінде акциялар пакетін де сүйікті ойыншысына қалдыруды жөн көріп, барлық құжаттарды нотариус арқылы рәсімдеп қойған.

Осылайша, Неймар аяқасты әлемдегі ең бай футболшылардың біріне айналды.