24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

НБА финалы соңғы жылдардағы телекөрсетілім рекордын орнатты

НБА финалы соңғы жылдардағы телекөрсетілім рекордын орнатты

Awful Announcing мәліметі бойынша, НБА плей-офф финалдық матчы — «Оклахома» жеңісі — соңғы жылдардағы рекордтық көрермен санын жинады.

Трансляцияның орташа көрермені 16,4 миллион адамды құрады, ал шарықтау сәттерінде ойынды 19,3 миллион жанкүйер тамашалады — бұл 2019 жылдан бергі ең жақсы нәтиже.

Алдыңғы жоғары көрсеткіш «Голден Стэйт» пен «Торонто» арасындағы финалдық серияның алтыншы матчында тіркелген, онда канадалық клуб 4-2 есебімен жеңіске жеткен болатын.