20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

НБА финалы: «Оклахома» мен «Индиана» шешуші жетінші матчты өткізеді

НБА финалы: «Оклахома» мен «Индиана» шешуші жетінші матчты өткізеді

НБА плей-офф финалдық сериясында «Оклахома-Сити Тандер» мен «Индиана Пэйсерс» арасында 2024/25 маусымының чемпионын анықтау үшін жетінші матч өткізу қажет болады.

Алты кездесуден кейін — сериядағы есеп 3-3 тең қалып отыр. Командалар тең ойын көрсетіп, қарсыласына шешуші басымдылық алуға мүмкіндік бермеді.

Жетінші матч — НБА чемпиондық атағы үшін күресте шешуші болмақ. Бұл кездесудің жеңімпазы Ларри О’Брайен жүлдесін иеленеді.