10.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

НБА-дағы таңғажайып заңдылық: чемпиондар Уизардс ойыншыларынсыз өтпейді

НБА-дағы таңғажайып заңдылық: чемпиондар Уизардс ойыншыларынсыз өтпейді

Fadeaway World мәліметі бойынша, НБА-да таңғажайып заңдылық қалыптасқан — 2017 жылдан бері әр чемпион команданың құрамында кем дегенде бір бұрынғы Вашингтон Уизардс ойыншысы болған.

Соңғы сегіз жылда чемпион атанғандар:

  • Голден Стэйт (2017, 2018) — Шон Ливингстон, Джавейл Макги
  • Торонто (2019) — Джоди Микс
  • Лейкерс (2020) — Дуайт Ховард, Джавейл Макги, Маркифф Моррис
  • Милуоки (2021) — Бобби Портис
  • Голден Стэйт (2022) — Гэри Пэйтон II, Отто Портер, Крис Чиозза
  • Денвер (2023) — Кентавиус Колдуэлл-Поуп, Джефф Грин, Иш Смит, Томас Брайант
  • Бостон (2024) — Кристапс Порзингис

Бұл ерекше серия биылғы маусымда жалғасуы мүмкін — Индиана Пэйсерс чемпион атануға мүмкіндігі бар, ал оның құрамында Уизардстың бұрынғы ойыншылары Томас Брайант пен Джарас Уокер өнер көрсетеді.