11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

НБА аңызы Яннис Адетокумбоны Милуокиден кетуге шақырды

НБА аңызы Яннис Адетокумбоны Милуокиден кетуге шақырды

НБА-ның бұрынғы ойыншысы Айзейя Томас «Милуоки Бакс» көшбасшысы Яннис Адетокумбоның мансаптық болашағы туралы пікір білдірді деп хабарлайды BasketNews.

«Яннистің ықпалы – керемет. Тек Грекия мен АҚШ-та ғана емес – бүкіл әлемде. Ол баскетболда ойнаған ең үздік ойыншылардың бірі», – деді Томас.

«Кету уақыты келді. Ол бұл қалаға және ұйымға чемпиондық атақ, екі MVP марапатын әкелді. Менің ойымша, ол сол жерден шығып, үлкен нарыққа – мүмкін, Нью-Йоркке немесе басқа жерге көшуге тырысады. Бірақ кім біледі. Ол қала беруі мүмкін», – деп қосты НБА-ның бұрынғы ойыншысы.