24.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

НБА 2024/25 маусымының үздік құрамалары жарияланды

НБА 2024/25 маусымының үздік құрамалары жарияланды

НБА-ның ресми сайтының хабарлауынша, лига 2024/25 маусымының символдық құрамаларына енген ойыншылардың есімдерін жариялады.

Бірінші бестікке қорғаушылар Донован Митчелл (Кливленд) мен Шэй Гилджес-Александер (Оклахома), шабуылшылар Яннис Адетокумбо (Милуоки) мен Джейсон Тейтум (Бостон), сондай-ақ орталық ойыншы Никола Йокич (Денвер) енді.

Екінші символдық құрамаға қорғаушылар Джейлен Брансон (Никс), Стефен Карри (Уорриорс) және Энтони Эдвардс (Миннесота), шабуылшы Леброн Джеймс (Лейкерс) және орталық ойыншы Эван Мобли (Кливленд) кірді.

Үшінші командаға енгендер:

  • Кейд Каннингем (Детройт)
  • Тайриз Халибертон (Индиана)
  • Джеймс Харден (Клипперс)
  • Джейлен Уильямс (Оклахома)
  • Карл-Энтони Таунс (Нью-Йорк)

Яннис Адетокумбо үшін бұл бірінші құрамаға қатарынан жетінші рет енуі болса, Леброн Джеймс рекорд орнатты — ол мансабында 21-ші рет символдық бестіктерге таңдалды.