14.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Назым Қызайбай күміс жүлдегер атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Назым Қызайбай күміс жүлдегер атанды

Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Назым Қызайбай финалда жеңіліп, күміс медаль иегері атанды.

48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз шешуші бәсекеде үндістандық Минакшиге есе жіберді. Осы нәтижемен Қызайбай өз карьерасындағы бесінші рет әлем чемпионатының жүлдегері атанып отыр.

Қазақстандық боксшы бұған дейін екі мәрте әлем чемпионы атанып, тағы бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған еді. Ливерпульдегі финал да оның жоғары деңгейдегі тұрақты өнерін тағы бір мәрте дәлелдеді.