13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Назым Қызайбай финалға шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Назым Қызайбай финалға шықты

Ливерпульде өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Назым Қызайбай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда 48 кг салмақта ол Өзбекстан өкілі Сабина Бобокулованы жеңіп, шешуші жекпе-жекке өтті.

Қызайбай енді алтын медаль үшін айқасады. Финалдағы қарсыласы мен жекпе-жек уақыты кейінірек хабарланады.