18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Назым Қызайбай: менің басты мақсатым – Олимпиада алтыны

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай тарихи жеңісінен кейін өз эмоцияларымен бөлісті, деп хабарлайды Inform.kz.

«Өте қуаныштымын. Бұл менің арманым еді, сол мақсатқа жеткеніме ризамын. Әлем чемпионатында әлсіз қарсылас болмайды, бірақ менің салмағымда бәсеке сәл жеңілдеу болды. Құрама капитаны ретінде үлкен жауапкершілік сезіндім, бірақ команда өте жақсы дайындалды. Біз федерация мен министрліктен үлкен қолдау аламыз, бұл жеңіс – бүкіл құраманың еңбегі. Қазақстан әйелдер құрамасының Олимпиадада әлі алтын алмағаны белгілі. Ендігі мақсатым – Олимпиада чемпионы атану», – деді Қызайбай.

Айта кетейік, Назым Қызайбай – бокстан Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін әлем чемпионы. Ол 2014, 2016 және 2024 жылдары алтын медаль жеңіп алған.

Әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш алтын (Назым Қызайбай, Алуа Балкибекова, Аида Әбікеева), екі күміс (Елдана Тәліпова, Виктория Графеева) және бір қола (Наталья Богданова) алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.