13.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

NAVI Riyadh Masters 2025 ширек финалында Team Falcons-тан жеңілді

NAVI Riyadh Masters 2025 ширек финалында Team Falcons-тан жеңілді

Бақыт «Zayac» Эмилжановтың командасы Riyadh Masters 2025 турнирін аяқтады — NAVI Dota 2 турнирінің ширек финалында Team Falcons командасынан жеңілді.

0:2 есебімен аяқталған қарсыластықта Team Falcons екі картада да басымдылық көрсетті — бірінші ойын 39 минутқа созылса, екіншісі 35 минутта аяқталды.

NAVI турнирде 9-12 орынды иеленіп, 75 мың доллар жүлде ақша алды. Team Falcons келесі кезеңде Team Liquid командасымен кездеседі.

Сауд Арабиясындағы чемпионатқа 3 миллион доллар жүлде қоры үшін күресетін 16 мықты команда қатысуда.