23.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

NAVI Junior Team Falcons-ты жеңіп, PGL Wallachia плей-оффына өтті

NAVI Junior Team Falcons-ты жеңіп, PGL Wallachia плей-оффына өтті

Dota 2 бойынша PGL Wallachia Season 4 топтық кезеңінің бесінші раундында Бақыт «Zayac» Эмилжановтың NAVI Junior командасы Team Falcons-ты 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Team Falcons турнирді 9-11 орынмен аяқтап, 20 мың доллар көлемінде жүлде ақша алды. Топтық кезеңнің соңғы матчы Aurora Gaming пен Heroic арасында өтеді.

Жалпы жүлде қоры бір миллион долларды құрайтын PGL Wallachia Season 4 турнирі 19-27 сәуір аралығында өтуде. Бүгінгі матчтың екі картасында да NAVI Junior басымдылық танытты — бірінші ойын 40 минутта 19:30 есебімен, ал екіншісі 39 минутта 14:18 нәтижесімен аяқталды.

Выигрывайте FreeBets и призы от лучшего букмекера по киберспорту Parimatch