19.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Natus Vincere BLAST Slam IV плей-инде Aurora Gaming-пен күш сынасады

Natus Vincere BLAST Slam IV плей-инде Aurora Gaming-пен күш сынасады

Бүгін BLAST Slam IV Dota 2 турнирінде плей-ин кезеңі басталады — алғашқы матчта Бақыт «Zayac» Емілжанов және оның Natus Vincere командасы Aurora Gaming-пен күш сынасады.

Командалар топтық кезеңде кездескен болатын — сол кезде NAVI жеңіске жеткен. Матч best-of-3 форматында өтеді, ал жеңімпаз турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алады.

BLAST Slam IV 14 қазаннан 9 қарашаға дейін өтеді — топтық кезең онлайн форматта ойналады, ал плей-офф Сингапурда өтеді. Бір миллион доллар жүлде қоры үшін 12 команда таласады.