08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Наталья Богданова ширек финалға шықты

Наталья Богданова ширек финалға шықты

Ливерпульде бокстан әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Наталья Богданова турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

70 келі салмақта Богданова 1/8 финалда үндістандық Токчом Суприя Девиді жеңді – ұпай саны бойынша 5:0.

1/4 финалда Наталья түрік Сема Чалышканмен кездеседі.