15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Наталья Богданова әлем чемпионы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Наталья Богданова әлем чемпионы атанды

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты.

70 келі салмақ дәрежесінде финалға шыққан Наталья Богданова аустралиялық Перголити Лекейшамен кездесіп, жекпе-жек барысында қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Үш раунд бойы айқын басымдық танытқан жерлесіміз төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Наталья Богданова Қазақ еліне алтыншы алтын жүлдені сыйлап, ұлттық құраманың табысты өнерін одан әрі жалғастырды.