10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Наталья Богданова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Наталья Богданова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Наталья Богданова (70 кг) кезекті жекпе-жегінде түркиялық Сема Чалышканды 5:0 есебімен (бірауыздан шешім) жеңді.

Осылайша Богданова жартылай финалға жолдама алып, жүлделі орын үшін күресін жалғастырады.