10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

NASCAR-дың бұрынғы пилоты Джереми Мэйфилд аймақтық серияның чемпионы атанды

NASCAR-дың бұрынғы пилоты Джереми Мэйфилд аймақтық серияның чемпионы атанды

Джереми Мэйфилд — 16 жыл бұрын америкалық басты жарыс сериясына қатысудан шеттетілген NASCAR-дың бұрынғы пилоты — аймақтық Grand National Super Series сериясында чемпиондық атаққа ие болды.

56 жастағы жүргізуші Вирджиния мен Каролина жолдарында маусым бойы басымдылық танытты — оның еншісінде түрлі жарыстардағы тоғыз жеңіс бар. Grand National Super Series ортақ техникалық регламент бойынша Cup Series, Xfinity Series, ARCA және Pro Cup автокөліктерін біріктіреді.

«Қысқаша айтқанда, керемет маусым болды. Бұған қатысқан барлық адамдардың көмегінсіз мүмкін болмас еді. Әсіресе, түнгі жұмыстар мен менің үйде жиі болмауыма төзім танытқан әйелім Шананың қолдауы өте маңызды», — деді Мэйфилд.

Жүргізуші D2 Motorsports командасына, механиктерге және осы маусымда оны қолдаған барлық серіктестерге алғысын білдірді. Еске сала кетейік, Мэйфилд 2009 жылы метамфетаминге оң тест тапсырғаннан кейін NASCAR-дан шеттетілген, алайда пилоттың өзі тыйым салынған заттарды қолданғанын жоққа шығаруда.