24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Наполи» тағы да ұпай жоғалтты, «Интер» көш бастады

«Наполи» тағы да ұпай жоғалтты, «Интер» көш бастады

Антонио Контенің командасы Италия чемпионатында кезекті сәтсіздігін бастан өткерді. Бүгін «Наполи» сырт алаңда «Комодан» 1:2 есебімен жеңіліп, турнир кестесіндегі көшбасшылықтан айырылды.

Бір күн бұрын «Дженоаны» 1:0 есебімен жеңген «Интер» бұл жағдайды өз пайдасына пайдаланып, Серия А-ның жаңа көшбасшысына айналды. Қазір миландықтардың қоржынында 57 ұпай бар, ал «Наполиде» 56 ұпай қалды.

Контенің шәкірттері маусымдағы ең қиын кезеңді өткеруде — команда қатарынан төрт матчта жеңіске жете алмай отыр:

  • «Ромамен» тең түсті – 1:1
  • «Удинеземен» тең түсті – 1:1
  • «Лациомен» тең түсті – 2:2
  • «Комодан» жеңілді – 1:2

1 наурызда «Наполиді» маусымдағы ең маңызды ойын күтіп тұр — команда өз алаңында Серия А-ның 27-турында көшбасшы «Интерді» қабылдайды.