Оқу уақыты: 1 мин

«Наполи» «Манчестер Ситидің» екі жұлдызын қалайды

«Наполи» «Манчестер Ситидің» екі жұлдызын қалайды

Италияның «Наполи» клубы «Манчестер Ситидің» ойыншылары — Кевин Де Брюйне мен Джек Грилишті қатарына қосқысы келеді. Times басылымының хабарлауынша, неапольдіктер бельгиялық жартылай қорғаушыны жазда еркін агент ретінде алмақ.

«Манчестер Юнайтедтен» жалға алынған, қазір «Астон Виллада» ойнап жүрген Маркус Рашфорд «Барселонаға» ауысу мүмкіндігін қарастыруда деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Үш ағылшын алпауыты — «Ливерпуль», «Арсенал» және «Манчестер Сити» — «Реал Мадридтің» бразилиялық қанатшабуылшысы Родригоның трансфері туралы келіссөздер бастады.

Сауд Арабиясының «Әл-Хиләл» клубы «Ливерпульдің» екі ойыншысына — уругвайлық шабуылшы Дарвин Нуньес пен колумбиялық қанатшабуылшы Луис Диаске қызығушылық танытуда.

«Челси» «Страсбургтің» голландиялық шабуылшысы Эмануэль Эмегеге қызығушылық танытуда — 22 жастағы футболшыны сондай-ақ «Ньюкасл» да қалайды.