23.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Наполи» Италия Суперкубогын жеңіп алды

«Наполи» Италия Суперкубогын жеңіп алды

«Наполи» Италия Суперкубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Антонио Контенің командасы кубок матчында «Болоньяны» 2:0 есебімен жеңді.

«Наполи» сапында Давид Нерес екі гол соқты.

Бұл «Наполидің» 1990 және 2014 жылдардағы титулдардан кейінгі үшінші Италия Суперкубогындағы жеңісі.

Италия Суперкубогының жартылай финалында «Наполи» «Миланды» 2:0 есебімен жеңді, ал «Болонья» «Интерді» 2:1 есебімен жеңген болатын.