24.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Наоя Иноуэ кореялық боксшыны төртінші раундта нокаутқа түсірді

 

Жапон боксының жарқын жұлдызы Наоя Иноуэ (29-0, 26 КО) кәсіпқой бокстағы 29-шы жеңісіне қол жеткізді. Ол Токиода өткен бокс кешінде корей Е Чун Кимді (21-3-2, 13 КО) нокаутпен жеңіп шықты. 

Наоя Иноуэ бастапқыда аустралиялық Сэм Гудманмен жұдырықтасуы керек болған. Жекпе-жекте жапон боксшысының төрт бірдей чемпиондық атағы сарапқа салынуы тиіс еді. Алайда қарсыласы екінші рет шықпай қалды.