Оқу уақыты: 1 мин

Наоя Иноуэ абсолютті әлем чемпионы атағын нокаутпен қорғап қалды

Наоя Иноуэ абсолютті әлем чемпионы атағын нокаутпен қорғап қалды

Мамырдың 4-нен 5-не қараған түні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жапониялық Наоя Иноуэ америкалық Рамон Карденасты техникалық нокаутпен жеңіп, екінші жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сәтті қорғап қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланғанымен, сегізінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. 2-раундта күтпеген жерден нокдаунға түскен Иноуэ жекпе-жек барысында басымдықты толық өз қолына алып, 8-раундта қарсыласын техникалық нокаутқа түсірді.

Бұл – 32 жастағы жапон боксшысының кәсіпқой рингтегі 30-жеңісі. Ол әлі күнге дейін жеңілістің кермек дәмін татып көрген жоқ. Ал 29 жастағы Рамон Карденас мансабында екінші рет жеңіліп отыр. Оның еншісінде 26 жеңіс бар.