07.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

NAIZA лигасы жас жауынгерлерге арналған жаңа жобамен таныстырды

NAIZA лигасы жаңа NAIZA JEKPE-JEK атты турнирлер сериясын бастайды. Бұл жоба жас әрі мансабын жаңа бастап жатқан жауынгерлердің алаңы болады. 

NAIZA JEKPE-JEK жобасының есігі танымалдылыққа ие болуды қалайтын және ММА-де өз атын қалдыруды мақсат еткен кез келген жауынгерге ашық.

Біз жауынгерлерге кәсіби алаңда өнер көрсетуге мүміндік береміз. Кездесудің нәтижесі ресми Sherdog базасына енеді. NAIZA JEKPE-JEK-те өзін жақсы көрсеткен спортшылар NAIZA лигасымен келісім-шартқа отырады. 

ММА әлемінің жаңа жұлдыздарын жағатын NAIZA JEKPE-JEK турнирін 14-наурыз күні сағат 20:00-де SPORT+ QAZAQSTAN арнасынан тамашалаңыз. 

«Күн сайын маған және лиганың матчмейкері Жандарбекке жас жауынгерлерден көптеген хаттар келеді. Олар біздің промоушенде өнер көрсетуді сұрайды.

Хаттардың көптігі сонша, біз NAIZA JEKPE-JEK атты жаңа жобаны бастамақпыз. Бұл жобада жас әрі амбициясы жоғары кез келген жауынгер өзін көрсетуге мүмкіндік алады»,- деп мәлімдеді NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала.

ММА-дегі алғашқы қадамыңды жасап, танымал болғың келсе — сені NAIZA JEKPE-JEK-те күтеміз! Өтінімдерді осы сілтеме арқылы жіберуге болады.