23.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Naiza экс-чемпионы Максум — Уланбеков жекпе-жегіндегі төрешілікті сынға алды

Naiza экс-чемпионы Максум — Уланбеков жекпе-жегіндегі төрешілікті сынға алды

Naiza және Nomad FC бұрынғы чемпионы Жұман «Арлан» Жұмабеков UFC жекпе-жегіндегі даулы төрешілік шешімін талқылады — Meta-ratings.kz хабарлайды.

Максум — Уланбеков жекпе-жегін көрдім. Жекпе-жек соңында Азаттың жеңісіне сенімді болдым. Тағирдің қолын көтергені мені таңқалдырды. Неліктен бұлай? Төрешілер неге мұндай шешім қабылдады? Азатқа қатысты әділетсіз әрекет жасады деп санаймын, — деді Жұмабеков.

Ең жеңіл салмақтағы қазақстандық Азат Максум мен рейтингтің 12-орнындағы ресейлік Тағир Уланбеков арасындағы жекпе-жек Бакудегі UFC Fight Nights турнирінде өтті — төрешілер бірауыздан Уланбековтің жеңісін жариялады, бұл ММА қауымдастығында қызу талқылау тудырды.