Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

NAHL матчында қазақстандық Александр Ким гол соқты

NAHL тұрақты чемпионатында «Бисмарк Бобкэтс» «Норс Айова Буллз» командасын 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Shaiba.kz.

Қазақстандық шабуылшы Александр Ким — осы матчта үй иелерінің алты голының бірін соқты.

19 жастағы шабуылшы ағымдағы маусымда сенімді ойын көрсетуде, оның еншісінде 41 кездесуде 25 нәтижелі ұпай (15 гол және 10 пас) бар.

«Бисмарк Бобкэтс» Орталық дивизионда көш бастауын жалғастыруда, команда 55 матчтан кейін 88 ұпай жинады.