13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нагельсманн АПЛ-дағы сынға ұшыраған Виртцты қорғады

Нагельсманн АПЛ-дағы сынға ұшыраған Виртцты қорғады

Германия құрамасының бас бапкері Юлиан Нагельсманн «Байерден» 116 миллион фунтқа жазғы трансферден кейін «Ливерпуль» құрамында әлі нәтижелі әрекеттер көрсете алмаған жартылай қорғаушы Флориан Виртцты қорғап шықты.

Sport 1 мәліметінше, неміс маманы Виртцтың АПЛ-да гол соғу мүмкіндіктерін жасаудан көш бастап тұрғанын атап өтті:

«Ол әлі гол соқпаса да, Премьер-лигада ең көп гол соғу мүмкіндіктерін жасайтын футболшы. Серіктестерінің оларды іске асыра алмауы – оның кінәсі емес»

Мерсисайд клубының бұрынғы бас бапкері Юрген Клопп та 22 жастағы футболшыны қолдады:

«Виртц – ғасырда бір рет кездесетін талант. Жақын арада ол Леверкузенде көрсеткен ойынын қайта көрсететін болады»

Виртц келесі ойынын Германия құрамасының сапында әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді.