03.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

МЮ шабуылшысы Хейлунд мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

МЮ шабуылшысы Хейлунд мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

Фабрицио Романоның мәліметінше, Чемпиондар лигасының финалисі — Милан «Интері» «Манчестер Юнайтедтен» Расмус Хейлундты сатып алу туралы келіссөздер бастады.

Дат шабуылшысы италиялық клубтың трансферлік жоспарына — «Парманың» шабуылшысы Анж-Йоан Боннимен қатар кіреді. Ағымдағы маусымда 22 жастағы Хейлунд ағылшын Премьер-лигасының отыз екі матчында төрт гол, сондай-ақ Еуропа лигасының он бес кездесуінде алты гол соқты.