18.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

МЮ қақпашысы Арсеналмен матчта қателік жіберді

МЮ қақпашысы Арсеналмен матчта қателік жіберді

Ағылшын Премьер-лигасының бірінші тур матчында «Манчестер Юнайтед» пен «Арсенал» арасындағы есеп қақпашының қателігінен ашылды — Алтай Байындыр бұрыштамадан допты ұстап қала алмады.

Лондон клубының қорғаушысы Риккардо Калафьори жағдайды пайдаланып, матчтың 13-ші минутында алыс бағанадан допты басымен қақпаға салды.

Гол соғылғаннан кейін «МЮ»-дің түрік қақпашысы бас төреші Саймон Хуперге Вильям Салибаның ереже бұзғаны туралы наразылық білдірді, алайда төреші голды заңды деп есептеді.