Оқу уақыты: 2 мин

«МЮ» өз алаңында «Атлетикті» тізе бүктіреді, ал «Буде» «Тоттенхэмге» оңай беріле қоймас»: сарапшы Еуропа лигасының жартылай финалы туралы

«МЮ» өз алаңында «Атлетикті» тізе бүктіреді, ал «Буде» «Тоттенхэмге» оңай беріле қоймас»: сарапшы Еуропа лигасының жартылай финалы туралы

Мамырдың 8-нен 9-на қараған түнде Еуропа лигасы жартылай финалының жауапты матчтары өтеді.

«Олд Траффорд» стадионында «Манчестер Юнайтед» Бильбаодан келген «Атлетикті» қабылдайды, ал Лондонның «Тоттенхэмі» Норвегияда жергілікті «Буде-Глимтпен» кездеседі. Екі матчтың да басталуы — Қазақстан уақытымен 00:00-де.

Жартылай финалдың бірінші кездесуінде «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Атлетикті» 3:0 есебімен ойсырата жеңсе, «Тоттенхэм» өз алаңында «Буде-Глимтті» 3:1 есебімен ұтқан болатын.

Футбол сарапшысы Леонид Лим Sport Pulse порталына алдағы ойындарға қатысты пікір айтты:

Манчестер Юнайтед — Атлетик

— «Олд Траффордта» «манкуниандықтар» «Атлетикті» тағы да жеңеді деп ойлаймын. Өз алаңында 0:3 есебімен жеңілгеннен кейін испаниялықтарға ағылшындарға қарсы тұру өте қиын болады. Рубен шәкірттері үшін қайтсе де Еуропа лигасында жеңіске жету қажет. Бұл олардың басты мақсаты. Ел біріншілігіндегі тұрақсыздыққа қарамастан, еурокубокта «МЮ»-дің бұл маусымда трофей алуға жақсы мүмкіндігі бар.

Буде-Глимт — Тоттенхэм

— Алғашқы матчта «Тоттенхэм» 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бүгін «Буде-Глимт» өз алаңында ойнайды, бұл оларға қосымша күш беруі мүмкін. Алайда екі доп айырмашылығы бар ағылшындар финалға шығуға жақсы мүмкіндікке ие. Дегенмен, Мэддисон және Лукас алған жарақаттар команда ойынына әсер етуі мүмкін. Соған қарамастан, меніңше, «Тоттенхэм» жеңіске жете алады. Бізді қызықты ойын күтіп тұр, әсіресе норвегиялық жанкүйерлердің қолдауы ойынды шиеленістіре түседі. Қонақтар үшін бастысы — зейінді жоғалтпай, басымдықты қолдан бермеу.

«Манчестер Юнайтед» — «Атлетик Бильбао» матчын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, ал «Буде-Глимт» — «Тоттенхэм» кездесуін «Qazaqstan» арнасынан тамашалауға болады. Матчтардың тікелей көрсетілімдері 23:50-де басталады.

Басты сурет: uefa.com

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!