10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

МЮ-дің экс-жартылай қорғаушысы Эриксен Вольфсбургтың ойыншысы болды

МЮ-дің экс-жартылай қорғаушысы Эриксен Вольфсбургтың ойыншысы болды

Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметі бойынша, Кристиан Эриксен «Вольфсбургпен» келісімшартқа қол қойды — даниялық жартылай қорғаушы неміс клубына еркін агент ретінде қосылды.

33 жастағы ойыншы өткен маусым соңында «Манчестер Юнайтедтен» кетті — ағылшын Премьер-лигасында ол 23 ойын өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.