Оқу уақыты: 1 мин

МЮ бапкері Аморим нәтижелердің төмендігінен қызметінен кеткісі келді

МЮ бапкері Аморим нәтижелердің төмендігінен қызметінен кеткісі келді

ESPN мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим қаңтарда өз қызметін тастап кетуге дайын болды — жеті матчта жеңіссіз қалу оның қатты көңілі қалуына себеп болды.

Қызметтен кету туралы ресми мәлімдеме болмаса да, клуб басшылығы — бас директор Омар Берраду мен клубтың бірлескен иесі Джим Рэтклифф — португалдық маманға толық сенім білдірді.

Сәтсіз нәтижелерден туындаған күйзеліс із қалдырмай қоймады — клубтағы дереккөздер бапкердің шашындағы ақ түстің көбейгенін атап өтті. Өткен жылдың қарашасында команданы қолға алған Аморим қазір АПЛ-да орын сақтап қалу үшін күресуде — манкунианцтер чемпионат аяқталуына бір тур қалғанда 39 ұпаймен 16-орында тұр, бірақ «Тоттенхэмге» қарсы Еуропа Лигасының финалында трофей алу мүмкіндігі бар.