24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мұхит Амантаев: «Зия Алиев сияқты адамдарды елге кіргізбеу керек»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Мұхит Амантаев: «Зия Алиев сияқты адамдарды елге кіргізбеу керек»

«Бірінші бол» арнасына берген сұхбатында файтер Мұхит Амантаев Атыраулық спортшы Ануарбек Мотиватормен өтпей қалған жекпе-жекке байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, кездесудің өтпей қалуына тек ұйымдастырушылар кінәлі.

— Мен ол жекпе-жекке тегін шығуға да дайын болдым. Бірақ ұйымдастырушылар тарапынан нақты шешім болмады, — дейді Амантаев.

Сондай-ақ, спортшы Қазақстанда алдағы уақытта өзінің жеке промоушынын ашуды жоспарлап отырғанын айтты.

— Қазір бұл жобама үлкен ағаларымыз қолдау білдіріп жатыр. Қазақтың мықты жігіттерін, шаумендерін біріктіріп, үлкен промоушын құрамыз. Бұдан былай шетелден келгендер елге келіп, уәде беріп, гонорар төлемей тайып тұратын жағдай болмайды. Мәселен, Зия Алиев сияқты адамдарды елге кіргізбеу керек. Ол талай жігіттің ақысын бермей, алдап кеткен, — деді Мұхит Амантаев.