10.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мұхаммеджан Сейсен: қарсыласқа сенімділік беріп қойдық

Мұхаммеджан Сейсен: қарсыласқа сенімділік беріп қойдық

Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Солтүстік Македониямен өткен ойындағы басты сәтті айтты, деп хабарлады Sport12.kz

  • Бастапқы 25-30 минутта басымдық бізде болды деп ойлаймын. Көп шабуыл жасадық, допқа иелік еттік. Бірақ гол өткізгеннен кейін, қонақтар өздеріне деген сенімділіктерін арттырды. Екінші таймда да соңына дейін қарсыласымызды тықсырдық. Алайда гол соғу бұйырмады. Ойын стратегиясын айтатын болсам, наурыз айында өткен түздегі ойындарда көбінесе қорғаныс шебінде өткеруге мәжбүр болдық. Өз жерімізде алға ұмтылдық. Тіпті Солтүстік Македония бізден ондай батылдықты күтпеді», — деп Мұхаммеджан Сейсен пікірімен бөлісті.

Сондай-ақ, Мұхаммеджан ұлттық құрамадағы бірінші нөмірлі қақпашы кім деген сұраққа да жауап берді:

  • Ұлттық құрамада нақты кім бірінші нөмірлі қақпашы екенін білмеймін. Оны бапкерлер шешеді. Бірақ өзімді көшбасшы деп есептеймін. Ұлттық құрамадан капитан, ағамыз Асхат Тағыберген кетіп жатыр ғой. Енді негізгі жауапкершілікті мойнымызға алуымыз қажет.

Айта кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы 3 ойын өткізіп үлгерді. Уэльске қарсы кездесуде қақпа бағанын Александр Заруцкий қорғаса, Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияда жауапкершілік Мұхаммеджан Сейсенге артылды.