Оқу уақыты: 1 мин

Мухаммад Мокаев Karate Kombat 54 турнирінде қазақстандық файтерді нокаутқа түсірді

Мухаммад Мокаев Karate Kombat 54 турнирінде қазақстандық файтерді нокаутқа түсірді

Дубайда (БАӘ) өткен Karate Combat 54 турнирінде кештің басты кездесуінің бірі – қазақстандық Болат Заманбеков пен британиялық файтер Мухаммад Мокаев арасындағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек каратэ ережесі бойынша ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын. Алайда Мокаев екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Мокаев жеңіліссіз келе жатыр — оның рекорды 14 жеңіс және жеңіліп көрмеген. Қазіргі уақытта Заманбековте сегіз жеңіс және үш жеңіліс бар. Мокаев бұрын UFC турнирлеріне қатысқан, бірақ өте жанжалды жағдайда ұйымнан кеткен болатын.