19.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Моуринью қазіргі футболшыларды аңыздармен салыстыруды сынға алды

Моуринью қазіргі футболшыларды аңыздармен салыстыруды сынға алды

Жозе Моуринью футбол тарихындағы ең үздік ойыншыны анықтау жөніндегі пікірталастар туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Goal.

Мен мұны әділетсіз деп санаймын және мұндайды естігенде көңілім құлазиды. Жас буын Пеле, Эйсебио немесе Беккенбауэрді жақсы білмейді және олардың футболын бүгінгі жағдайда салыстырады… Тіпті күлкілі жайттар да бар — 40 жыл бұрын жаңбыр жауған кезде доп 10 келі тартатын, ал қазір ол ұшып жүр

Португалдық маман әр дәуірдегі ойын жағдайларының айтарлықтай айырмашылығына назар аударды — қазіргі футбол аңыздар ойнаған кездегіден әлдеқайда өзгеше.