Оқу уақыты: 1 мин

MOUZ Abed және Seleri қатысатын жаңа Dota 2 құрамын жариялады

MOUZ Abed және Seleri қатысатын жаңа Dota 2 құрамын жариялады

MOUZ киберспорт ұйымы Dota 2 бойынша жаңа құрамын жариялады — командаға Мельхиор «Seleri» Хилленкамп, Эйбэд Азэль «Abed» Юсоп және бұрын Kami никнеймімен танымал болған Қиялбек «cutcutcut» Тайыров кірді.

Сәуір айының басында Роман «RAMZES666» Кушнарев Abed пен Seleri бірге ойнайтыны туралы ақпаратты жария етті. Кейінірек құрамға AVULUS командасының бұрынғы ойыншысы Марсель «Ekki» Головиенко, офлейнер позициясында Николас «zeal» Лим Энг Хан және жаттықтырушы Даниэль «ImmortalFaith» Моза қосылды.

MOUZ-дың X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесіне сәйкес, команда Riyadh Masters 2025 және The International 2025 іріктеу турнирлерінде дебют жасайды.

MOUZ Dota 2 құрамы:

  • Abed — мидлейнер
  • cutcutcut — керри
  • zeal — офлейнер
  • Seleri — фулл саппорт
  • Ekki — хард саппорт
  • ImmortalFaith — жаттықтырушы