Оқу уақыты: 1 мин

Моуринью: «Интер» – «Барселона» жартылай финалы — ұмытылмас эпос

Моуринью: «Интер» – «Барселона» жартылай финалы — ұмытылмас эпос

Marca хабарлағандай, Жозе Моуринью 15 жыл бұрынғы «Интер» мен «Барселона» арасындағы Чемпиондар лигасының жартылай финалы туралы естеліктерімен бөлісті.

2009/10 маусымда миландықтар өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетіп, қарымта кездесуде 0:1 есебімен ұтылса да, финалға жолдама алған болатын.

«Болған оқиғаны сипаттайтын сөздер жоқ. Қарымта матч соңындағы көңіл-күй тек бізге ғана таныс және ол мәңгі жадымызда қалады. Бұдан эпикалық сәт болуы мүмкін емес. Миландағы ойын мінсіз өтті, ал кейін «Камп Ноуда» тарихи шайқас болды», — деді Моуринью.