21.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мостовой Ресей мен Беларусь чемпионаттарын біріктіруге қарсы шықты

Мостовой Ресей мен Беларусь чемпионаттарын біріктіруге қарсы шықты

Мәскеудің «Спартак» клубы мен Ресей құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Мостовой Ресей мен Беларусь футбол чемпионаттарын біріктіру идеясына қарсы шықты, деп хабарлайды «Матч ТВ».

Аңызға айналған футболшы мұндай шешім қазіргі командалардың жойылып кетуіне әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Ол тіпті Англия мен Шотландия да географиялық жақындығына қарамастан, тәуелсіз турнирлерін сақтап отырғанын айтты.

Ресей мен Беларусь чемпионаттарын біріктірудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Әр түрлі елдер. Бізде өз командаларымыз жоғалып жатыр. Сіз ол жақта да жоғалсын деп қалайсыз ба? Өз командаларымыз жеткілікті. Беларусь клубтарын қосқанда оларды қайда қоямыз? Ешкім Англия мен Шотландия лигаларын біріктіруді ойластырып жатқан жоқ. Бізде өз чемпионатымыз, оларда – өз чемпионаты бар