Оқу уақыты: 1 мин

Молдир Жанбырбай Каирдегі Karate 1-Premier League кезеңінде алтын жеңіп алды

Молдир Жанбырбай Каирдегі Karate 1-Premier League кезеңінде алтын жеңіп алды

Sportnews.kz хабарлағандай, Мысырдың Каир қаласында өтіп жатқан Karate 1-Premier League турнирлік сериясының үшінші кезеңінде қазақстандық спортшы Молдир Жанбырбай 50 келі салмақ дәрежесінің финалында жеңіске жетті.

Кумитэ бөлімінің шешуші жекпе-жегінде отандасымыз, кездесудің соңғы секундтарында Хорватия өкілі Эмма Сгарделлиден басым түсті.

Бүгін кумитэ бөлімінде тағы төрт қазақстандық каратэші әртүрлі дәрежедегі медальдар үшін күреседі:

  • Айжан Бақырова (61 келі) — қола медаль үшін
  • Диас Анарбеков (84 келі) — қола медаль үшін
  • Софья Берульцева (68 келі) — қола медаль үшін
  • Әсел Қанай (61 келі) — украиналық Александра Шолоховамен финал

27 жастағы Молдир Жанбырбай — Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі, қазақстандық ең танымал каратэшілердің бірі. Оның жетістіктері қатарында — Азия чемпионы атағын үш рет жеңіп алуы, әлем чемпионы атағы және 2022 жылғы Ханчжоудағы Азия ойындарының күміс медалі бар.